Күштеп ұжымдастыру кезеңіндегі Сайрам ауданының күнделікті өмір тарихы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақаланың мақсаты ― 1928-1930 жылдардағы күштеп ұжымдастыру мен репрессиялық шаралардың мәселесі арқылы Сайрам ауданының микротарихын зерттеу. ХХ ғасырдағы жалпы ұжымдастыру заңдылықтарына салыстыру жүргізіліп, Сайрам ауданындағы сол дәуірдің хал-ахуалының ерекшелігі айқындалды. Талдаудың нысанына 1928-1930 жылдардағы Сайрамдағы Орта Азия мемлекеттік университеті студенттерінің шағым хатының себептерін анықтау үшін мұрағат материалдары және отандық авторлардың зерттеулері алынған. Жарияланбаған архивтік материалдар мен жарияланған мәліметтер негізінде жалпы мал өсіретін шаруашылықтар мен отырықшы аудандардағы тәркілеуге ұшыраған малдың шығынының көп болғаны анықталды. Сонымен бірге мақалада халық жауы ретінде осы ауданнан репрессияға ұшыраған азаматтардың деректері туралы да тергеу қызметтерінің хаттары негізге алып баяндалды. Архивтік материалдардағы стенографиялық есеп бойынша Сайрам ауданындағы астық жинау қарсаңындағы шаруалардың, артық салық төлеуге наразылығын арқау ете отырып, сол дәуірдің тап күресі жағдайындағы кеңестік тоталитарлық биліктің іс-әрекеті көрсетілген. Авторлар Сайрам ауданының 1928-1930 жылдардағы күнделікті өмір тарихын баяндай отырып, сол студенттердің шағым хатындағы жағдайды талдау-талқылау арқылы дәуір шындығын алға тартып өзіндік тұжырымдар жасаған.

Description

Citation

Таштанов Ж.А. Күштеп ұжымдастыру кезеңіндегі Сайрам ауданының күнделікті өмір тарихы/ Ж.А. Таштанов, Вежихи Сефа Фүат Хекимоглу// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 139-148 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By