Батыстық тарихнамадағы Қазақстандағы ашаршылық тарихы мәселелері (1931-1933 жылдар)
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада авторлар батыс ғалымдарының жарияланған зерттеулері негізінде 1931-1933 жылдардағы
Қазақстандағы аштық проблемасын зерттеу дәрежесін анықтайды. Авторлар тарихнамалық
материалды хронологиялық негізде үш топқа бөледі. Бірінші топқа 1930 жылдардың бірінші
жартысындағы; екінші топқа ― 1980 жылдардың басы ― 1990 жылдардың соңындағы; үшінші топқа
― 1990 жылдардың соңы ― 2000 жылдардағы еңбектер кіреді. Сондай-ақ батыстық зерттеушілердің
тарихнамалық деректік базасына қысқаша талдау жасалып, олардың еңбектеріндегі қамтылған
мәселелер қарастырылған. Батыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі ұжымдастыру, отырықшылыққа
көшіру, ет және астық дайындау мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар зерттеулерде
аштықтың себептері, ауқымы мен салдары, демографиялық шығындар сияқты аспектілер
қамтылғандығы көрсетіледі. Батыс ғалымдары КСРО-дағы аштық жоспарланған ісшара емес, кеңес
өкіметі басшылығының ойластырылмаған саясатының нәтижесі болды деп тұжырым жасайды. Бұл
кезеңдегі мемлекеттік саясат ауыл тұрғындарын экономикалық ресурс көздері ретінде пайдалануға
бағытталғандығын көрсетеді.
Description
Citation
Сактаганова З.Г. Батыстық тарихнамадағы Қазақстандағы ашаршылық тарихы мәселелері (1931-1933 жылдар) / З.Г. Сактаганова, Т.Қ. Сақабай, К.Т. Бодеев// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 99-110 б.