ХХ ғ. екінші жартысы ― ХХІ ғ. басындағы ағылшын тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан
тарихы, жергілікті халықтың тарихы, шаруашылығы, мәдениеті, дәстүрі, діни нанымдары туралы
әңгімелейтін ағылшын ғалымдарының еңбегіне талдау келтірілген. Біз тарихнаманы тарихи білімнің
жинақталу тарихын, тарихи ойдың дамуы мен зерттеу әдістемесін, ғалымдардың тарихи еңбектері мен
өмірбаянының құрылу тарихын, ғылыми мекемелердің тарихын, тарихи білім беруді ұйымдастыру
мен тарихи білімнің таралуын зерттейтін арнайы тарихи пән ретінде қарастырамыз. Мақаланы
жазудың негізгі мақсаты зерттеушілерді ғылыми ортамен, қазіргі оқырмандар қауымдастығымен
таныстыру. Авторлар ХХ ғасырдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі қазақтардың
мәдениеті, дәстүрлері, діни сенімдері туралы жазған еуропалық, ағылшын зерттеушілерінің
шығармаларына ғылыми талдау жүргізген. Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдіснамасы бойынша
негізінен тарихизм, объективтілік, тарихи салыстырмалы талдау және тарихи жүйелілік әдістері
пайдаланылды. Соғыстан кейінгі жылдары ағылшын-американдық кеңесология әлемдік тарихнамада
лайықты орын алу құқығын дәлелдеді, тек батыс елдерінде ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы
елдерінде де сұранысқа ие болды. Талдаудың ең дәлдігі мен тереңдігі Джеффри Уилер, Уолтер
Коларз, Ширин Акинер, Севкет Акылдыз, Ричард Карлсон, Виолет Коннолли, Сара Кэмерон, Харун
Йылмаз, Рико Исаакстың жұмыстарында ерекшеленді. Мақаланы жазу басында осы кеңестік жүйенің
тарихын, соның ішінде Қазақстан тарихын зерттеген ағылшын зерттеушілерінің кітаптары мен
мақалалары негізге алынды.
Description
Citation
Жумашев Р.М. ХХ ғ. екінші жартысы ― ХХІ ғ. басындағы ағылшын тарихнамасындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті / Р.М. Жумашев, А.Қ. Мейрамбеков// Қарағанды университетінің хабаршысы. – 2023. – № 4(112). – 47-55 б.