Қазақ прозасындағы адам мен табиғат байланысының көрінісі (Қ. Ысқақов романдары бойынша)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада көркем əдебиеттің жетекші жанрына жататын прозалық туындылар талданған. Бұл еңбекте қазақ прозасының 70-жылдарындағы өзіндік ерекшеліктерінің басты көріністері жəне осы уақыттағы əдебиеттің көрнекті өкілі — Қалихан Ысқақовтың шығармашылығының зерделенуі болып табылады. Сонымен қатар мақалада жазушы шығармашылығындағы шындықтың, замана проблемаларының айқын көрініс табуы жəне туған жерінде болып жатқан кері үдерістерге баса назар аударуы арқау етілген. Қ.Ысқақовтың «Ақсу — жер жаннаты, «Қара орман» романдары арқылы жалпы адамзатты соңғы жылдары қатты алаңдатып отырған экология проблемасының өткір түрде көрсетілуі қарастырылды. Жазушы табиғат экологиясы мен адам жанының кемелдік деңгейге жету үрдісін органикалық тұтастықта қарастыруы нəтижесінде шығармаларының салыстырмалы, типологиялық байланыс санаттарына мейлінше молынан ие болуына қол жеткізе алған. Қаламгер қолтаңбасы, шеберлік нақыштары, стильдік даралығы талдау арқауына айналды. Талданған шығармаларда мазмұн мен пішін, көркемдік тəсілдер, тарихи шындық пен көркемдік шешім т.б. мəселелерге баса назар аударылды. Əйткенмен, нақты түрде, ресми, тарихи құжаттарға сүйене отырып, негізгі ой-пікір, тұжырымдардың тың болуына басты назар аударылды. Осы жəне басқа да мəселелер авторлық еңбекте көркемдік əдістер аясында қарастырылған.

Description

Citation

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By