Əңгімелеу мəтінінің лингвостилистикалық құрылымы
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Бүгінгі таңда мəтінді тұтасым мен байласымға негізделген бірлік ретінде жан-жақты зерделей
отырып, оның эмоция мен экспрессияға ие көркемдік жағын зерттеудің шеңбері мен əдіс-тəсілдері
күннен күнге кеңейіп келеді. Мақалада лингвистикалық əдіс-тəсілдің келесідей түрлері
қарастырылды: сипаттама, құрылымдық, семантикалық, кешенді синтез бен анализ. Яғни талдау,
жинақтау, жүйелеу секілді көп уақыттан бері тіл білімі мен гуманитарлық ғылымдарда қолданылып
қалыптасқан тұжырымды тəжірибенің əдістері арқылы жүргізілді. Зерттеудің нəтижесінде мəтіннің
контекстік-вариативтік ажыратылатын бөлшектері ретінде — əңгімелеу, суреттеу, ойталқы —
сөйлеуде дəстүрлі аталып жүрген КСФ-лардың (композициялық сөйлеу формалары) тақырыптық-
мазмұндық ерекшеліктері анықталып, олардың тілдік-стилистикалық ұйымдасу формаларына
сипаттама берілген. Ақпаратты жеткізудегі бұл композициялық сөйлеу формалары — мəтіннің
құрылымдық бөлігін құраушы негізгі жəне тұрақты элементтер. Сол себепті көркем мəтін мазмұны
аталмыш композициялық сөйлеу формаларының бірде жекеленіп, бірде кезектесіп, араласып келіп,
өзара тұлғалық, мағыналық дəрежеде байланысуы арқылы ұйымдасады. Мақала мазмұны көркем
мəтіннің аталмыш ерекшеліктеріне мүмкіндігінше лингвостилистикалық сипаттама беруді көздейді.
Description
Citation
Əңгімелеу мəтінінің лингвостилистикалық құрылымы/ М.А. Маретбаева, Б.С. Каукербекова, Б.Е. Мукеева, А.С. Ержанова, Г.Е. Оспанова / /Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы.-2023.- № 3(111). –25-34 б.