Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық пробацияны жүзеге асыруда құқықтық көмекті қамтамасыз ету

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Зерттеудің мақсаты өзіне қатысты пробацияны жүзеге асыратын адамдарды құқықтық көмекпен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын қарастыру жəне оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеу. Мақалада өздеріне қатысты үкімдік жəне пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдардың құқықтық көмек алуының қалыптасқан тетігі қарастырылған. Білікті заң көмегін алудың қиындығына жəне оны түзеу мекемелерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Өздеріне қатысты үкімдік жəне пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдардың білікті заң көмегімен қамтамасыз етілу дəрежесін анықтау мақсатында зерттеудің жалпыға ортақ, жалпы ғылыми, жеке жəне жеке-құқықтық əдістері пайдаланылды. Атап айтқанда, пробация қолданылатын адамдарға заң көмегін көрсету туралы заңнаманың дамуын зерделеу мақсатында диалектика əдістері пайдаланылды. Пробация жүзеге асырылатын адамдарды құқықтық көмекпен қамтамасыз етудің проблемалары, сондай-ақ жетістіктері мен кемшіліктерін бағалауда қазіргі жағдайға талдау жасалды. Зерттеу нəтижесінде құқықтық көмекпен қамтамасыз ету проблемалары жүйеленді жəне оны жетілдіру мақсатында заңнамаға ұсыныстар əзірленді. Осы тақырыпты зерттей келе, үкімдік жəне (немесе) пенитенциарлық пробация белгіленген адамдардың құқықтық көмекпен қамтамасыз етілуінің заңнамалық олқылықтары бра екендігін жəне халықаралық стандарттарға сəйкес келмейтінін атап өтуге болады.

Description

Citation

Мусекенова А.А. Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық пробацияны жүзеге асыруда құқықтық көмекті қамтамасыз ету А.А. Мусекенова, Д. Нұрмуханқызы // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.– 2023. – № 3(111). – pp. 87-95.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By