Күн энергиясы саласындағы инновациялық технологиялардың даму ерекшеліктері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
ты:Мақаланың мақсаты күн энергиясы саласындағы инновациялық технологиялардың тиімділігін зерттеу.Сонымен қатар күн энергиясын дамыту үшін заманауи технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен келешектері қарастырылған. Әдісі:Мақалада күн энергиясын өндіретін инновациялық технологиялардың тиімділігін анықтауда жүйелік, талдау, жалпылау, салыстыру және статистикалық әдістер пайдаланылған. Бүл әдістер күн энергиясын дамыту жөніндегі ресми статистикалық мәліметтерден алынған нәтижелерге, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми мақалаларында алынған ғылыми түжырымдамаларға негізделген. Қорытынды:Мақалада күн энергиясын инновациялық дамытудың әртүрлі техникалық және үйымдастырушылық мәселелері зерттелген: термоэлектрлік күн қондырғыларын енгізу механизмдері; технологияның салалық және пайдалану негіздері; әлеуметтік, саяси және мәдени жақтары; қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету; аймақтың немесе саланың инфрақүрылымдық мүмкіндіктері. Талдау барысында күн панельдерінің техникалық мәселелері анықталған: ауа-райына байланысты микро жарықшақтардың пайда болуы; күннің қарқындылығына тәуелділігі; фотоэлектрлік элементтердің төмен тиімділігі; шикізат көздерінің (кремний, күміс, алюминий, мыс және басқалары) жоғары бағасы; қайтадан пайдалану үшін жинақталған қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зерттеудің болмауы.Тұжырымдама:Мақалада күн энергиясын өндіруге байланысты жинақталған халықаралық тәжірибені ескере отырып, үсыныстар берілген: күн панельдерін экономикалық тиімділігіне және техникалық сипатына қарай таңдау;технологияларды аймақтың орналасқан жері мен климаттық жағдайына байланысты орнату; пайда-
ланылған күн панельдерін жоюдың тиімді әдістерін қолдану; күн энергиясын өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Description
Citation
Күн энергиясы саласындағы инновациялық технологиялардың даму ерекшеліктері/ А.А. Абаев [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. <<Экономика>> сериясы.– 2023. – pp. 232-239.