Цифрлық экономика жағдайында отандық банк секторындағы несиелеуүдерісі және несие нарығын талдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Несие нарығының мазмұны әлі де болса терең зерттелмеген. Экономистердің несие нарығын анықтаудағы сараланған тәсілдері оның мазмұнының теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде зерттелмегендігін және осы құбылысты одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Мақаланы зерттеудің мақсаты ғылыми негізделген тұжырымдама негізінде несие нарығын дамытудың объективті заңдылықтарын, оны жаңғыртудың және ұлттық экономикадағы рөлін арттырудың перспективалық бағыттарын анықтау. Әдісі: Зерттеу барысында ғылыми абстракция, абстрактіліден нақтыға біртіндеп көшу, типология, индукция, дедукция, талдау, синтез, тарихи және логикалық бірлік, модельдеу және тағы басқа да ғылыми таным әдістері қолданылды.
Қорытынды:Қазақстан экономикасы серпінді орнықты дамуды қажет етеді, ол, атап айтқанда, табысты жұмыс істеп тұрған несие нарығы есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. Несие нарығы ұзақ уақыт бойы оның даму заңдылықтары мен пропорциялары тұрғысынан арнайы іргелі зерттеудің тақырыбы болған жоқ, бұл оның
танымын едәуір нашарлатып, ұлттық экономикалық өсу мақсаттарына қолдану мүмкіндіктерін тарылтты. Ғылыми зерттеуде бұл мәселені шешуге үлес қосу ретінде алғаш рет ғылыми негізделген тұжырымдаманың негізіне алынған және ұлттық экономикадағы несие нарығының рөлін арттыру мақсатында оны жаңғыртудың пер-
спективалық бағыттарын айқындайтын несие нарығын дамытудың объективті заңдылықтары анықталды.Тұжырымдама: 2022 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатының нәтижесінде несие ресурстарының құны көтерілді. Соған қарамастан заңды тұлғаларға несие беру көлемі негізінен бизнеске
теңгемен қарыздар беру есебінен өсуін жалғастырды. Бұрын Ресейге салынған санкциялардан зардап шеккен банктердің несиелік белсенділігінің төмендеуіне және логистикасының нашарлауына қарамастан, экономиканың негізгі салаларында (сауда, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы) несиелер берудің оң өсуі сақталуда.
Description
Citation
Цифрлық экономика жағдайында отандық банк секторындағы несиелеуүдерісі және несие нарығын талдау / Исанов А.С. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. <<Экономика>> сериясы.– 2023. – pp. 199-210.