Болашақ педагогтардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Білім беру жүйесінде педагог-психологтарды дайындау процесі үнемі даму үстінде. Осыған орай, білім беру стратегиясы да өзгеруде. Қазіргі жоғары оқу орындарында педагог-психологтарды дайындау стратегиясы құзыреттілік тәсілдің басымдылығына және студентке орталықтандырылған оқытуға (студентоцентированное обучение) негізделіп, кәсіби қызмет ерекшеліктерін ескеруді талап етеді, себебі педагог-психологтарды дайындау күрделі, әрі көпқырлы процесс. Мақалада 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметте ең қажетті және жеткілікті деген құзыреттіліктері анықталып, оларға сипаттама берілді. Болон процесінің талаптарына сәйкес, педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда студентке орталықтандырылған оқыту тәсілдерін іске асыру, яғни, студенттің өздігімен білім алу, өз оқу траекториясын таңдау дағдыларын дамытып, студенттің оқу процессі үшін жауапкершілігін арттыру бүгінгі күнгі аса өзекті мәселелердің бірі.
Description
Citation
Маженова Р.Б. Болашақ педагогтардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру / Р.Б. Маженова, Ә.А. Есмагулова // Аксиологические аспекты воспитания молодежи сквозь призму цифровой трансформации образовательного процесса: сб. материалов Междунар. науч.-практ. конф. (Караганда–Москва, 17 марта 2023 г.). – 2023. – 48-51 б.