Сөйлемдегі ыңғайластық қатынасқа жаңаша көзқарас
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Қазақ тілінің синтаксистік құрылысын функционалдық тұрғыдан зерттеу əлі де қалыптаса қойған жоқ.
Осындай зерттеуді қажет ететін синтаксистік қатынас — ыңғайластық қатынас. Ыңғайластық қатына-
сты функционалдық грамматиканың «мағынадан құралға» бағытын негізге алып қарастырғанда жаңа
нəтижелерге қол жеткізуге болады. Нəтижесінде ыңғайластық қатынастың синтаксистегі парадигма-
ларын төрт деңгейден көруге болады: жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық,
мəтін. Ыңғайластық қатынастың сөйлемдегі негізгі межесі бірыңғай мүшелер екені даусыз. Қазақ тіл
біліміне бірыңғай мүшелер біршама зерттелсе де, назарға алынбай келе жатқан мəселелер бар екенін
байқауға болады. Сондай тілдік бірліктің бірі — ыңғайлас мүшелер. Мақалада ыңғайлас мүшенің сөй-
лемнің бірыңғай мүшелерінен айырмашылығы көрсетіліп, оның жасалу жолдары айтылған. Ыңғайлас
мүшелердің құрамына талдау жасалған. Құрмалас сөйлем құрылымында ыңғайластық қатынас айқын
байқалады. Алайда синтаксис мамандары құрмалас синтаксисіне байланысты «ыңғайластық» тер-
минін салалас пен сабақтас құрмаластардың мағыналық түріне орай ғана қолданады. Ыңғайластықты
қатынасқа функционалдық тұрғыдан қарағанда, бұл ұғымның «ыңғайлас салалас», «ыңғайлас са-
бақтас» деген құрмалас сөйлемдермен шектелмейтіні байқалады. Талғаулықты жəне кезектес салала-
стар ыңғайлас қатынас шеңберінде жатады. Оларды байланыстыратын жалғаулықтардың бірыңғай
мүше жасайтынын ескерсек, салаластың бұл түрлері ыңғайластық қатынаста болатынын дəлелдей
түседі. Осылайша, мақалада сөйлемдегі ыңғайластық қатынас жаңаша сипатталған.
Description
Citation
Жақыпов Ж.А. Сөйлемдегі ыңғайластық қатынасқа жаңаша көзқарас/Ж.А.Жақыпов, О.М.Амандыков//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2023. № 2(110) Б. 74-80.