рН және температураның Ctenopharyngodon idella эмбриологиялық дамуына оптимальдық әсерін анықтау

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақаланың мақсаты ― ақ амур жұмыртқаларының инкубациялық және дернәсілдік кезеңдерінде су температурасының (18, 26 және 34°С) және де рН (5,5, 6,5, 7,5 және 8,5, 9,5) мәндерінің әсерін, сонымен қатар оңтайлы мәндерін анықтау. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша жоғары 34°C температурада және рН деңгейі 5,5 және 9,5 (32,5±0,5), (35±0,001), сондай-ақ 18°C және рН деңгейлері 5,5(22,5±0,2) және 9,5-те (42,5±0,3) инкубациялық жұмыртқалардың өсу пайызы және инкубациялық кезеңде эмбриондардың дамуы төмендегенін көрсетті. Инкубациялық жұмыртқалардың ең жоғары тіршілік ету көрсеткіші 26°C температурада және рН мәні 7,5 (95%±0,002) ақ амур балығының эмбриональдық және постэмбриональдық дамуында, тіршілік етуіне ыңғайлы екендігі анықталды. Сонымен бірге төмен температурада ақ амур балығының дамуының эмбрионалдық кезеңдері өте баяу өтті. Яғни даму сатыларының уақыт көрсеткіші бойынша ұзақ жүргендігін көрдік. Ал жоғары температурада, керісінше, 34°С-та жылдам жүрді. Қолданыстағы нәтижелер 26°C су температурасы кезіндегі судың рН 7,5 мәні жұмыртқаның инкубациялануы үшін ең қолайлы екендігі, ал Ctenopharyngodon idella жұмыртқасының өсуі үшін 6,5-тен 8,5-ке рН ең қолайлы екенін көрсетеді.

Description

Citation

Тленшиева А.М. рН және температураның Ctenopharyngodon idella эмбриологиялық дамуына оптимальдық әсерін анықтау/А.М. Тленшиева, Т.М. Шалахметова// Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы – 2023. – № 2(110). – pp. 139-144.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By