Ақпарат алаңындағы діни сананың ахуалы (Интернет мысалында)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада ақпараттық қоғамдағы діни сана Интернет призмасы арқылы берілген. Интернет халықтың діни сауаттылығын арттыруға ықпал ететін діндарлықты білдіру нысандарын түрлендіру құралы ре- тінде қарастырылған. Әртүрлі онлайн қызметтерді, сайттарды және қосымшаларды талдау мысалы берілген. Көптеген авторлардың пікірінше, діни конфессиялардың өкілдері, әсіресе ислам, Интернет ортаның кейбір ақпараттық элементтеріне қатысты өзгерістерге ұшырауда. Интернетте пайда болатын және жиі талқыланатын дәстүрлі діндердің бағыттары мен тармақтарының ұлғаюына әкелетін тран- сформациялар идеологиялық және дискурсивті болуы мүмкін. Әлеуметтік желілердегі діни парақша- ларға мазмұндық талдауда, жалпы алғанда, басым тақырыптық бағыттары мәдениеттің әртүрлі аспек- тілері (тарихи тұлғалар туралы әңгімелер, кітаптар мен фильмдерге шолулар, өнер, мәдениет туралы танымдық-сараптамалық материалдар, заманауи құбылыстар мен тенденциялар), отбасылық өмір және адамгершілік мәселелері, қайырымдылық және әлеуметтік қызмет екені анықталды. Мұндай мы- салдар жетерлік, олардың барлығы да Интернетте кең таралған діни конфессиялар өздерінің салт- жораларында Интернет мүмкіндіктерін көбірек пайдаланып жатқанын айтады. Осы өзара әрекеттесу нәтижесінде діннің ғаламторға әсері де және ғаламтордың дінге әсері де байқалады. Интернет бұрын- нан бар болса да, оның кеңінен қолданылуы он жылдан астам уақыт бұрын басталды, ал дін сияқты дәстүрлі ортада бұл жақында болды. Ислам туралы ақпараттың Интернет көздері, осы ресурстардың мақсаттары, міндеттері және қызметтері туралы сұрақтар зерттеуге жатады. Сол себептен, бұл өте өзекті сұрақтардың бірі.

Description

Citation

Хафиз Ғ. Ақпарат алаңындағы діни сананың ахуалы (Интернет мысалында)/Ғ. Хафиз, С.С. Аубакирова , З.С. Искакова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 392-400 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By