Еділ-Жайық популяциясы киіктерінің соңғы 40 жылдағы санының динамикасы және оған әсер етуші факторлар

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада тарихи мәліметтердің, әдеби көздердің және авторлардың жеке зерттеулерінің негізінде киіктердің Еділ-Жайық популяциясын жалпы Қазақстан Республикасындағы басқа да киік популяцияларымен салыстыра отырып, территорияларды шаруашылық игерумен байланысты соңғы 40 жылдағы киік санының динамикасына талдау жасалып, олардың санына әсер ететін антропогендік, биотикалық, генетикалық, экологиялық факторлардың сипаты қарастырылған. Осы қарастырылып отырған уақыт аралығында киіктер популяциясы бірнеше рет эпизотиялардың салдарынан жаппай қырылуға ұшыраса, XX ғасырдың 90 жылдарының ортасынан бастап 2000 жылдардың ортасына дейін саны күрт азайып, қауіпті деңгейге дейін төмендеді және бұл құбылыс Қазақстандағы киіктердің үш популяциясына да тән болды. Киік жойылып кету қаупі бар жануарға айналды. Халықаралық, республикалық табиғат қорғау ұйымдарының дабыл қағуы, республика үкіметінің киіктерді қорғауға бағытталған шараларды қолға алуының арқасында соңғы жылдары киік саны біршама артты, әсіресе Еділ-Жайық популяциясы қалпына келді. 2000 жылдардағы киік санының күрт төмендеуіне рұқсатсыз аң аулаудың, пастереллез эпизотияларының тигізген әсері талданды. Соңғы бір-екі жылдағы Еділ-Жайық популяциясы саны артуының салдарынан киіктердің ауыл-шаруашылығымен күшті бәсекелестікке түсіп отырғаны және жайылымдарда үй жануарларымен (малмен) араласуы олардың бір-біріне түрлі ауруларды тарату мүмкіндігін тудыратыны қарастырылған. XX ғасырдың 60-90 жылдары аралығында киіктерді кәсіптік аулау жүргізіліп, санын реттеп отырған кезде Қазақстандағы киіктердің үш популяциясының да саны ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келді. Еділ-Жайық популяциясы киіктерінің санының артуы олардың популяциясын реттеп отырудың қажет екенін көрсетіп отыр.

Description

Citation

Бегилов Т.З.Еділ-Жайық популяциясы киіктерінің соңғы 40 жылдағы санының динамикасы және оған әсер етуші факторлар /Т.З. Бегилов, Ю.А. Грачев, Б.Е. Есжанов // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2023.– № 2(110). – pp. 29-38.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By