Мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялану
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени кеңістікте интеграциялану мәселесі
бойынша ғылыми және тәжірибелік зерттеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі жаһандану заманында
ұлттар мен елдер арасындағы достық пен сыйластық, өзара ынтымақтастық жолға қойылып, ең алды-
мен, мәдени байланыстарды білім арқылы орнатып, мәдени қарым-қатынастың тамырын тереңдету
маңызды қадамдардың бірі. Мәдениеттердің заманауи интеграциялануы барысында қалыптасатын
жаһанданған мәдениеттің негізгі сипаттары ретінде осы мәселені зерттеушілер мәдениет құбылыста-
ры мен феномендерін қамтитын белгілі бір кеңістіктегі масштабты қарастырады. Жаһандану жағда-
йындағы қазақстандық мәдениет менеджментінің сәтті интеграциялық процестерге енуі үшін арнайы
стратегиялық қадамдар анықталып, мемлекеттік деңгейде тиісті нормативті-құқықтық шаралар қа-
былдануы маңызды. Мақаланың басты мақсаты мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени
кеңістікке интеграцияланудың әсерін, әрі маңыздылығын жеткізу. Кез келген мемлекет өз кезегінде
өздеріне тиесілі құндылықтарды қорғауға үлкен назар аударады, себебі мемлекеттік тұрғыдан басқа
институттардың дәл осы мәселелерді шешуге деген құзырының жоқ екендігін түсінеді. Келешек бү-
гіннен құралатынын ескерсек, осы саланың қарқын алуы біздің қолымызда, ал тиімді басқару өз кезе-
гінде болашақта елді рухани тұрғыдан бекітіп қана қоймай, экономикалық қазынасы ретінде ілгері
жүруімізге түрткі болатын, әділетті Қазақстанды құрайтын бірден бір құралы екенін анықтаймыз. Мә-
дениеттегі менеджмент саласының басты құзыреті республика көлемінде мәдени іс-шаралар жоспа-
рын ұйымдастырып қана қоймай, мәдени құндылықтарды насихаттауы заңды құбылыс.
Description
Keywords
Citation
Касбаева Г.С. Мәдениеттегі менеджмент және халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялану/Г.С. Касбаева, Б. Шенай, Р.А. Кемербай//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 316-325 б.