Көшпенді қазақ дәстүріндегі әйел болмысы ― ұлттық кодымыздың негізі ретінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада көшпенді қазақ дәстүріндегі әйел болмысын қарастыра отырып, олардың бойындағы мәде- ни құндылықтарды қазіргі қоғамымыздан таба білу жөнінде сөз етілген. Ол үшін тарихи эволюциялық даму жолымызды саралап, мәдени құндылықтарымыздың қалыптасуына арқау болған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дүниетаным тәрізді тетіктерімізді қазіргі қоғамымызға сай жаңалап, қайта жаңғырту және оларға қажеттілік тудыру мәселесі көтерілген. Соған сай әйел болмысын айқындайтын көшпенді мә- дениетке тән ерекшеліктер міндетті түрде ескерілуі тиіс басты құндылықтар екендігіне ерекше назар аударылған. Яғни, олардың қатарына еркіндік, адами ресурсты жас мөлшері мен гендік ерекшелікте- ріне байланысты тиімді пайдалана білу, әйел болмысындағы репродуктивтілік қызметіне назар ауда- ру, сапалы және саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру болып табылады. Көшпенді мәдениет заманында бұл құндылықтар жүйелі түрде жұмыс жасаған болса, ал қазіргі таңда олардың арасындағы өзара сабақ- тастық пен оларды жүзеге асырып отыратын тетіктер, ұғымдар мен категориялар мүлдем өз мәнін жо- йып, сезімге толы әлеуметтік қиялдың бір формасына айналды. Автор осы мәселелерді зерттеуде бас- қа елдердің ұлттық болмысын сақтаудағы орын алған әдістерін зерделей отырып, жаһандану үдерісін- дегі «Жаңа Қазақстанның» жаңа қазақ болмысын, соған сай әйел болмысын сомдаудағы өз ойларымен бөліседі. Себебі біздің ұлттық кодымыздың ұлт болмысына қатысты тылсым қасиеттердің бастауы әйел және болашақ ана болмысымен астарласып жатқаны айқын.

Description

Citation

Аралбай С.М. Көшпенді қазақ дәстүріндегі әйел болмысы ― ұлттық кодымыздың негізі ретінде/С.М. Аралбай [и др.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 265-272 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By