ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстан облысының этникалық құрамының динамикасы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы этникалық құрамының өзгерісінің динамикасы талданған. Зерт- теу барысында статистикалық мәліметтер, 1959 және 1989 жылдар аралығындағы бүкілхалықтық са- нақ нәтижелері қолданылды. Аймақта басымдылыққа ие екі ұлт: қазақ және орыс ұлтына (үлес салма- ғы, қала және ауыл халқы, ер және әйел адамдар үлес cалмағы) толық сипаттама берілді. ХХ ғасыр- дың орта тұсында орыс ұлты басымдылықта болса, кейіннен ХХ ғасырдың соңына қарай орыс ұлты- ның саны азайып, қазақ ұлтының саны ұлғая түсуінің себеп–салдары түсіндірілді. Көші–қон аймақ халқының этникалық құрамына қатты әсер етті, өйткені орыстардың, немістердің жаппай кетуі, қазақ- тардың келуі жаңа пропорцияның пайда болуына әкелді, осылайша қазақ халқы біріншілікке орала бастады, ал орыстар саны бойынша екінші орынға ие болды. Мақаланың өзектілігі 1950-1980 жылда- ры аймақта орын алған этникалық құрам динамикасының облыстың демографиялық ахуалға әсерін зерделеу. Қазіргі Қазақстандағы қалыптасқан демографиялық процестердің негізіне 30 жылдықтың маңызы зор. 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдардағы халық санақтарының материалдары бойынша Шығыс Қазақстан халқының қоныстануын зерделеуді қорытындылай келе, неғұрлым айқын көрініс тапқан негізгі оң және теріс демографиялық процестердің облыстың этникалық құрамына әсері көп болды, ал бұл өз кезегінде Шығыс Қазақстанның облысының демографиялық дамуының айқын көрі- нісі болып отыр.

Description

Citation

Махметова Н.А. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстан облысының этникалық құрамының динамикасы/Н.А. Махметова, Ж.С. Аубакирова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2023. №2. 168-175 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By