Бейвербалды амалдардың зерттелуі және функционалдық қызметі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада авторлар шетел ғылымы мен отандық лингвистикадағы тілден тыс құралдардың зерттелу
тарихына тоқталған. Бейвербалды амалдардың түрлерін ажыратады, жасалу жолдарын түсіндіреді. Әр
халықтың ұлттық танымына байланысты ишараттар мағынасының арасында айырмашылық болаты-
нын зерделейді. Бейвербалды амалдардың коммуникативтік қызметі талданған. Мақала авторлары
нақты мысалдар арқылы бейвербалды амалдардың жай ғана хабарды жеткізу үшін жұмсалмайтынын,
ел үшін, оның тарихы үшін астары құпия сақталатын маңызды оқиғаларды жеткізуде жұмсалатынын
дәлелдеген. Мұндай қолданыстарда жалпыхалықтық сипаттағы мағынасына қосымша мағына үстеле-
тінін, көп жағдайда екі адамның немесе топтың келісімі негізінде жасалатыны дәйектелген. Зерттеу
барысында авторлар бейвербалды амалдардың астарындағы жасырын, имплицитті мағынасын ашу
мақсатында талдау, салыстыру, салғастыру әдістерін қолданған.
Description
Keywords
Citation
Муратова А.Н. Бейвербалды амалдардың зерттелуі және функционалдық қызметі/А.Н. Муратова, У.М. Бахтикереева, Ш. Мажитаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2023. №1. 39-45 б.