Заңдардың сапасын қамтамасыз етудегі Швейцарияның заң шығару тәжірибесі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Бүгінгі таңда заңнаманың тұрақтылығы Қазақстан Республикасында тұтастай алғанда елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму бағытының тұрақтылығын айқындайды. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тұрақтылығына нормашығарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың), нормашығарушы қызметтің өзге де субъектілерінің нормативтік құқықтық актілердің тиісті сапасын, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің толықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді жиі түзетулерді шектеуге бағытталған шаралар қабылдауы арқылы қол жеткізіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы оның бүкіл аумағында бірыңғай құқықтық кеңістікті қамтамасыз ету қажеттігін алдын ала белгіледі. Мұндай жағдайларда заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің және Қазақстан Республикасының өзге де нормашығарушы ор- гандарының нормативтік құқықтық актілерді құрудың негізгі қағидаларын сақтауы ерекше маңызды. Аталған міндетті тиімді іске асыру мақсатында заңнамалық техниканың білім жүйесін жетілдіру саласында барабар қайта құрулар және ең алдымен, онымен көзделген: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге арналған арнайы заң құралдарын ретке келтіру және пайдалану бойынша талаптарды мүл- тіксіз орындау қажет. Осыған орай заңдардың сапасын қамтамасыз ету бойынша Швейцарияның заң шығармашылығы қызығушылық тудырады, мұнда мысал ретінде көптілді заңнаманың ортақ шешімдері көрсетілген. Зерттеудің мақсаты Швейцарияда нормашығару қызметінің тәжірибесін зерттеу және Қазақстан Республикасындағы заңнаманың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу. Зерттеудің әдістемелік негізін әлеуметтік құбылыстар мен процестерді танудың жалпы ғылыми әдістері, ғылыми талдау және синтездеу әдістері құрайды.

Description

Citation

Акимжанова М.Т. Заңдардың сапасын қамтамасыз етудегі Швейцарияның заң шығару тәжірибесі / М.Т. Акимжанова // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.– 2023. – № 1(109). – 106-114 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By