Ganoderma және Trametes туысына жататын саңырауқұлақтарын терең өсіру жағдайындағы биомасса синтезі деңгейі бойынша скринингі

Abstract

Мақалада әртүрлі құрамдағы қоректік ортада биомассаның өсу және жинақталу жылдамдығы бойынша белсенді болып табылатын Ganoderma және Trametes туысы дәрілік саңырауқұлақтарының коллекциялық дақылдары арасында штамдарды іздеуге бағытталған зерттеулер келтірілген. Украина ҰҒА Н.Г. Холодный атындағы Ботаника институтының қалпақты саңырауқұлақтар коллекциясынан алынған әр түрлі географиялық шығу тегі G. lucidum туысының 27 штамы және Trametes (Fr) туысының 29 штамы зерттелді. Зерттелген штамдардың вегетативті мицелийінің радиалды өсу қарқыны және олардың әр түрлі қоректік ортадағы дақылды-морфологиялық өсу ерекшеліктері зерттелді. Зерттелген G. lucidum және T. versicolor штамдары арасында көміртекті мен азотты қоректендірудің әртүрлі көздері бар орталарда биомассаның жинақталу деңгейі бойынша белгілі бір айырмашылықтары анықталды. Барлық зерттелген дақылдар жұмыста қолданылған көміртегі мен азот көздерінде әртүрлі қарқындылықпен өсе алады. Екі факторлы тәжірибенің дисперсиялық талдауын қолдану штамдардың биологиялық ерекшеліктеріне немесе олардың өзара әрекеттесуі биомасса биосинтезіне және қоректендіру көздерінің әсерін толық нақтылауға мүмкіндік берді. Мицелийалды колониялардың дақылдық морфологиялық ерекшеліктерін, вегетативті мицелийдің радиалды өсу қарқынын, биомассаның жинақталу деңгейін Trametes (Fr) және G. lucidum туысы саңырауқұлақтарын әртүрлі құрамдағы сұйық қоректік заттардың алты түріне зерттеу негізінде биомассаның жинақталу деңгейі бойынша ең өнімді T. versicolor 353 және G. lucidum1621 штамдары болды. Олар әрі қарай зерттеулер жүргізу үшін таңдалды.

Description

Citation

Ganoderma және Trametes туысына жататын саңырауқұлақтарын терең өсіру жағдайындағы биомасса синтезі деңгейі бойынша скринингі / Мустафин К.Г. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы. – 2022. – Vol.16. – № 4(108). – б. 83-94.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By