Болашақ физика мұғалімдерінің STEM-əдісімен білім беруге дайындығы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада инновациялық STEM (science, technology, engineering, mathematics) — білім беру əдіске қа-
тысты жоғары оқу орындарындағы студенттерде қандай ақпарат бар жəне ол жерде қандай жұмыстар
атқарылып жатқанын зерттеуге арналған. Қазіргі таңда оқу орындарында заманауи білім беру тəсілдері
қолданылуда, сол тəсілдің бірі əрі бірегейі—STEM–əдісі. Əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, бұл əдіс-
тің жаратылыстану бағыттарын оқытуда білім алушыларға кең, əрі терең білім беру мақсатында қолда-
нылатын пəнаралық тəсіл екендігін білеміз. STEM бағытының бір саласы —робототехника, мектеп ая-
сында жүзеге асырылып жатқанымен, жоғары оқу орындарында енді жолға қойыла бастады. STEM–
əдісін енгізу бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы əдістемелік нұсқаулықтар
ұсынса, министрлік тарапынан мектеп жəне жоғары оқу орындарында STEM-кабинеттер, зертханалар
жасақталып жатыр. Бұл STEM бағытының даму деңгейінде екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда мектеп-
терде, жоғары оқу орындарында 3D-моделдеу, робототехника кабинеттері, орталықтары мен лаборато-
риялары ашылып оқу процесіне енгізілуде. Сонымен қатар Шеврон компаниясының қолдауымен
«Caravan of Knowledge» білім беру ұйымы «STEAM-білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға ар-
налған жол картасы» аясында əдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, STEAM-видеосабақтар, STEAM-
декадалар мен конференциялар ұйымдастырылды. Осы мəселеге қатысты мақалада болашақ мұғалім-
дердің қаншалықты STEM-əдісімен білім беруге дайын екендігі қарастырылған.
Description
Citation
Абдрахманова Х.К. Болашақ физика мұғалімдерінің STEM-əдісімен білім беруге дайындығы/Х.К. Абдрахманова, Қ.Б. Кудайбергенова, Х. Йамак//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. №4. 129-138 б.