1964–1985 жж. Орталық Қазақстанның ауылдық күнделікті өміріндегі мәдениеттің орны мен дамуының мәселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мәдениет пен өнер халықтың күнделікті өміріндегі динамика мен тенденцияларды анықтайтын маңызды салалар болып табылады. Зерттеудегі мұрағат құжаттары (Ресей мұрағаттарының ма териалдары — РМӘСТА және РФМА, Қазақстан мұрағаттарының материалдары — ҚР ОМА), сондай-ақ авторлардың Қарқаралы, Егіндібұлақ және өңірдің басқа аудандарындағы қазақ ұлты басым ауыл тұрғындарымен өткізген интервью материалдары негізінде құрылған. Қазақ ұлты басым ауылдық аудандарда мәдениетті дамыту және мәдени акцияларды/жобаларды өткізу ерекшеліктерін зерттеу- де оларға қатысу жаппай сипатта болғаны жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өткізілген іс-шаралар ұлттық рухты жаңғырту міндетін қоймады, бірақ коммунистік идеяларды насихаттау ісінде мемлекеттің идеологиялық құрал ретінде институционалдық рөл атқарды. Зерттеу нәтижесінде ауылдық мәдени күнделікті өмірдегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталды, аймақтың ауылдық күнделікті өміріндегі ұлттық мәдениет пен өнердің орны мен дамуы анықталды. Қорытындылай келе, зерттелген онжылдықтарда ауылдық жерлерде кеңестік мәдениеттің дамуы белсенді жүргенін, бірақ қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің дамуында белгілі бір қиындықтар мен кедергілер болғанын атап өту керек.
Description
Keywords
Citation
Ыбырайхан М.Ы. 1964–1985 жж. Орталық Қазақстанның ауылдық күнделікті өміріндегі мәдениеттің орны мен дамуының мәселелері/М.Ы. Ыбырайхан, З.Г. Сактаганова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б.189-202.