Пандемия және әлеуметтік-экономикалық даму индекстері: Қазақстан мысалында

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Пандемияның салдарынан елдердің әлеуметтік–экономикалық индикаторлары төмендеді. Кедейлік шегі, өмір сүру ұзақтығы, күн көріс деңгейі сияқты мәселелердің қазіргі уақытта өзектілігі жоғары. COVID-19 әлемдегі кедейлік шегінің құрылымына өзгеріс енгізді. Мақалада халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеуде Халықаралық ұйымдардың көрсеткіштеріне, БҰҰ және Әлемдік банк деректеріне, пандемия салдарынан қалыптасқан 1,90 долларға тең жаhандық кедейліктің ең төменгі кедейлік шегінің жаңа шамасының қалыптасуы, халықтың өмір сүру көрсеткіштері мен Қазақстанның әлемдік тұрақтылық рейтингісіндегі орны мен М. Портердің Әлеуметтік даму индекстеріне сәйкес республикадағы әлеуметтік көрсеткіштердің мықты және осал жақтары талданған. Әдісі: Қолданылған әдіснамалар мен тәсілдер: статистикалық мәліметтер негізінде салыстырмалы талдау. Қорытынды: Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік–экономикалық даму индекстеріне біршама факторлар әсер ететіні анықталды. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы тікелей әлеуметтік индикаторларға тәуелдігі талданды. Тұжырымдама: БҰҰ-ның 2015 жылы қабылдаған, 2030 жылдарға белгілеген Тұрақты дамудың күн тәртібіндегі 17 мақсатына сәйкес, әлемнің тұрақты, инклюзивті дамуы және кедейшіліктің жойылуы, әлеуметтік теңсіздіктікпен күресі және әділдікке қол жеткізу, экологиялық ахуал сияқты жаhандық мәселелері мемлекеттер үшін өзекті. Әлеуметтік дамуды, оның принциптерін зерттеп, 3 бөліктен тұратын 50-ден аса индикаторлар арқылы АҚШ-тың атақты ғалымы Майкл Портер 2013 жылы Әлеуметтік даму индекстерін өз зерттеулерінде қарастырған және аталған индекс әлемдік тұрақтылық индексінде әлем елдерінің рейтингісі анықталады. Бірақ бұл жерде экономикалық көрсеткіштер ескерілмейді.

Description

Citation

Бельдибаева К.Ж. Пандемия және әлеуметтік-экономикалық даму индекстері: Қазақстан мысалында/К.Ж. Бельдибаева, А.А. Умырзакова, Ғ.Т. Үсембаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 3(107). – б. 245-253.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By