Әйелдер кәсіпкерлігінің объектілік-субъектілік ерекшеліктері және оның даму артықшылықтары

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Мақаланың мақсаты әйелдер кәсіпкерлігінің дамуының объективті және субъективті факторларын қарастырып, олардың еңбек нарығының гендерлік бөлінісін, гендерлік стереотиптер және патриархалдық идеологиясын, сондай-ақ әйелдердің бизнеспен айналысуға мотивациясын зерттеу. Әйелдер кәсіпкерлігінде отбасылық бизнестің алатын орны, ерекшелігі, бұл отбасының барлық мүшелерінің қабілеттерін шығармашылықпен жүзеге асыруға, оларға кез келген қолайсыз жағдайларда қолдау мен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілген. Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы кәсіпкерліктің гендерлік аспектісін талдау әйелдердің нарықтық экономикаға қатысуы қоғамдық өндірістің шешуші факторларының бірі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге әйелдердің қазіргі экономикалық қызметтің типтік «гендерлік тауашаларды» құрайтындығымен де маңызды әдістері қолданылды. Нәтижелері: Мақалада авторлар қоғамның әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және жұмыссыздықтың өсуіне елеулі әлеуметтік қажеттілігінің өзінде де әйелдердің осы саладағы белсенділігін тежейтін психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипаттағы тежеуші жөнінде ұсыныстар берді. Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде — Қазақстанда соңғы он жылдықта әйелдер мен ер адамдардың қоғамдағы құқығы мен мүмкіндіктерінің тең болуы үшін жасалған шаралар легі артып келетіні туралы қорытынды жасалған. Құқықтық және институттық негіздердің жеткілікті болуы осының дәлелі, сондай-ақ еліміздегі гендерлік теңдікті жетілдірудің статистикалық мәліметтері мен көрсеткіштері анғұрлым жақсы бағыттары айқындалды

Description

Citation

Әйелдер кәсіпкерлігінің объектілік-субъектілік ерекшеліктері және оның даму артықшылықтары/Акыбаева Г.С.[et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 3(107). – б.228-236.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By