Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінде заңдық терминдердің бірізділігін қамтамасыз ету мәселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Кез келген мемлекетте құқықшығармашылық қызметтің ең басты мақсаттарының бірі — елде қабылданатын құқықтық актілердің сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің мәтініне қазақша және орысша нұсқаларына сараптама жүргізу нәтижесіне байланысты мәселелер қарастырылған. Азаматтық заңнама саласында заң нормаларының мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне, заңдық терминдердің бірізділігінің сақталуына назар аударылған. Зерттеу жүргізудің мақсаты — азаматтық заңнаманың мемлекеттік тілдегі мәтіндеріне талдау жүргізудің негізінде құқық нормаларының аудармаларындағы қателіктерін айқындау болып табылады, себебі, оған күнделікті қабылданып жатқан заңдардың мемлекеттік тілдегі нұсқаларының сапасыздығы мысал бола алады. Авторлар ұлттық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминдерді қазақ тіліне аудармай түпнұсқа түрінде қолдану туралы пікір қозғаған. Сонымен қатар, мақалада қазақ тіліне заңнамалық актілердің мәтіндерін сапасыз аудару мәселелері бойынша жалпы тұжырымдар, соның негізінде мемлекеттік тілде заңнамалық актілерді әзірлеу бойынша заң техникасын жетілдіру жөнінде қорытындылар жасалған, себебі заң техникасының қажетті шарты – терминологияның біртектілігінің сақталуы және бір ұғымға қатысты бірнеше терминді пайдалануға жол бермеу. Сараптама нәтижелері авторлардың «Заңдық терминдердің бірегей қазақ тіліндегі сөздігін» құрастыруға негіз болады. Мақалада ғылыми танымның жалпы әдістері: синтез, талдау, индукция, шегеру, салыстырмалы құқықтық, жүйелік, логикалық әдістер пайдаланылған.
Description
Citation
Мырзалиева Ж.Т. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінде заңдық терминдердің бірізділігін қамтамасыз ету мәселелері/Ж.Т.Мырзалиева, М.Т.Акимжанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №3. Б. 91-97.