Деректердің эксклюзивтілігін қорғау тетігі: халықаралық тәжірибе және Қазақстан Республикасының заңнамасы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы

Abstract

Инновацияның дамуының сөзсіз шарттарының бірі зияткерлік меншік құқығын қорғау болып табылады. Әлемдік қоғамдастық мұндай қорғау құралдары мен тәсілдерінің жинағын әзірлеп және оны нәтижелі қолданады. Дәрілік заттар айналымы саласындағы қалыптасқан зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету ең күрделі нормалар кешенінің бірі. Бұл кешеннің айрықша ерекшелігі дәрілік заттар туралы деректердің эксклюзивтілігін қамтамасыз етілуін заңнамалық нормаларға енгізілуі болып табылады. Зерттеудің мақсаты дәрілік заттар деректерінің эксклюзивтілігіне талдау жасау, оның өзекті тұстарын анықтау және осы сала бойынша заңнама мен тәжірибені жетілдіруге байланысты ұсынымдар дайындау. Жүргізілген зерттеуде дәріні әзірлеушілерге қатысты деректердің эксклюзивтілігінің Еуропалық Одақта (ЕО), Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО), АҚШ-та қолданылуы және құқықтық реттелуі барысы қарастырылған. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) негізін қалаушы Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне (ТРИПС) сәйкес деректерді қорғаудың құқықтық режимі талданды. Деректердің эксклюзивтілігі институтының заңнамалық базасының жетілмегендігі осы саладағы туындаған соттық тәжірибесінің дамуын тежеуі мүмкін. Қазақстан Республикасында дәрілік заттар деректерінің эксклюзивтілігін дамытудың оң және теріс үрдістерін талдау негізінде зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың осы саласындағы мемлекеттік саясаттын іске асырудың құқықтық тетіктерін жетілдіру қажеттігі туралы қорытынды жасалды.

Description

Citation

Нуртай М.Н. Деректердің эксклюзивтілігін қорғау тетігі: халықаралық тәжірибе және Қазақстан Республикасының заңнамасы/М.Н.Нуртай, Ж.Т.Сайрамбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2022. №2. Б. 113-122.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By