Ақтөбе қаласының топырағының ауыр металдармен ластануын экологиялық бағалау
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Ақтөбе қаласының топырағындағы химиялық элементтердің (Сu, Ni, Pb, Zn, Со, Cd, Mb, Cr,
Fe) жылжымалы формаларының мөлшерін анықтау үшін жүргізілген химиялық талдау нәтижелері
талқыланған. Ақтөбе қаласы территориясының 7 сынақ алаңының топырағына зерттеу жүргізілді,
химиялық элементтердің концентрациялары анықталып, концентрация коэффициенттері және
ластанудың қосынды көрсеткіші Zc есептелінді. Есептеу нәтижелері 4–8 микроаудандар мен «Әуе
қалашығының» территориясының топырағының ауыр металдармен ластану деңгейі Zc=19,4–22,2
аралығында (16 < Zc < 33 — орташа, қауіптілік деңгейі жоғары емес), ал басқа зерттеу зоналарының
топырағының ластану дәрежелері Zc<16 төменгі ластану деңгейін көрсетті.
Description
Citation
Сарсембин У.Қ. Ақтөбе қаласының топырағының ауыр металдармен ластануын экологиялық бағалау/У.Қ. Сарсембин [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medecine. Geography Series. -2022. №3. 109-116 б.