Кәсіптік білім беруді цифрландыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың басты шарты ретінде

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Ғaлaмдық кeңістіктeгі цифрлық жаңару үдерісі біздің eліміздe дe мeмлeкeттік сaясaтты жүргізудің бaсты дaму жоспaрынa цифрлaндыруды eнгізудің қaжeттігін көрсетті. Цифрлық тeхнологиялaрдың қaрқынды дaмуы кәсіптік білім беру сaлaсынa ықпaл eтіп, бүгінде цифрлық құзыреттіліктерді меңгерген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған кешенді жұмыстардың орындалуын талап етуде. Қазіргі уақытта, елімізде ұлттық білім беру жүйесінің жаһандық бәсекелестік жағдайындағы жаңаруы мен өркендеу үдерісі жүзеге асырылуда. Дегенмен үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес цифрлық қоғамды қалыптастыру үшін кәсіптік білім беру жүйесін жаңа талаптарға сәйкес үздіксіз жаңартып отыру міндеттеледі. COVID-2019 індетінің бүкіләлемде, оның ішінде Қазақстанда да кеңінен таралуы салдарынан барлық білім беру деңгейлері қашықтан оқыту форматына мәжбүрлі түрде ауысқандығы белгілі. Осы жағдай білім беру саласының цифрландыру үдерісіне қатысты әлі де болса шешімін табуды қажет ететін кейбір қиындықтар мен мәселелердің бар екендігін көрсетті. Қазақстанның жаһандық әлемдегі ұлттық бәсекелік қабілеттігін арттырудың басты шартының бірі — білім берудің барлық деңгейлерінің цифрлық жүйеге көшуі және адами капитал сапасының артуы болып табылады. Сондықтан да, жоғары білім беру саласын цифрландырудың қазақстандық тәжірибесін, оның ішінде қол жеткізген жетістіктер мен орын алған қиындықтарды талдаудың қажеттілігі туындады. Мақала мазмұнында кәсіптік білім беру үдерісін цифрландыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен еліміздегі жоғары білім беру саласын цифрландырудың қазіргі жағдайы талданған. Осы мәселе төңірегіндегі ғылыми еңбектерді сараптау, мәліметтерді салыстыру және студенттерге жүргізілген сауалнама әдісінің нәтижелерін талдау негізінде кәсіптік білім беруді цифрландыруға қатысты қорытындылар жасалды және цифрландыру үдерісін одан әрі жетілдіруге арналған ұсыныстар берілді.

Description

Citation

Сүлейменова Ж.Т. Кәсіптік білім беруді цифрландыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың басты шарты ретінде/Ж.Т. Сүлейменова, П.Б. Сейітқазы//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. №3. 53-62 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By