Интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесін жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдану тиімділігі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада интеллектуалды жүйелерді құру және адам ақыл-ойы мен компьютер арасындағы
байланысты құру мәселесі қарастырылған. Авторлар жасанды интеллектінің қазіргі маңыздылығын
көрсетеді. Бүгінгі таңдағы қажеттілігі жоғары сипат алып отырған ақпараттық қоғамның білім
саласымен байланысты даму арқылы «технологияландыру» процесінің кең ауқым алатындығын
баяндайды. Осы айтылғандармен қатар бүгінгі білім беру жүйесінде пәнді оқыту әдістемесін
жетілдіру, педагогикалық зерттеулерге негізделетін теория мен тәжірибеде кең қолданыс табатын
оқыту әдістерін пайдалану, әртүрлі оқыту бағдарламаларын қолдануды сабақта жүзеге асыруға
арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жан-жақты сипаттау басымдылықпен
көрсетіледі. Мақала авторлары арнайы компьютерлік бағдарламаларды студенттердің білім мен
біліктерін дамытуда қолдану маңыздылығын сипаттайды. Білім беру жүйесінде қалыптасқан дәстүрлі
оқытумен қатар арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отыра оқыту әр пәннің ерекшелігін
тереңінен қарауға жағдай жасайды. Дегенмен ондай арнайы бағдарламалардың басым бөлігі
оқытушыға сол сала бойынша біліміне сүйене отыра таңдау жасауға алып келеді. Сонымен қатар
жоғары оқу орындарында осы бағытта оқытуда негізге алынатын эксперттік жүйелерді талдап, ол
бойынша қолданысқа енгізілген арнайы курстардың тақырыптарын саралаған, ғылыми-зерттеу
орталығында жасалған роботтың қолданысын сипаттаған. Мысалға алынған жоғары оқу орнының
мамандықтарында оқытылатын пәндер арқылы таңдалған тақырып бойынша жасалған қорытындыда
авторлар болашақта жалғасын табатын интеллектуалды жүйелердің қолданыс аясын көрсеткен.
Description
Citation
Қосыбаева У.А. Интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесін жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдану тиімділігі/Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2022. №3. 14-21 б.