Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі «періге ғашық болу» мотиві (Қ.Мүбарак әңгімелерінің негізінде)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Ғылымда «адамзат санасынан бөлек абстрактілі өмір бар» деген тұжырым бар. Мақалада дүниелік
өлшемнің сыртында өмір сүретін мистикалық, мифологиялық бейнелер, оның ішінде «пері»
образының қазіргі қазақ әңгімелеріндегі қолданысы адамзаттың таным-түсінігімен, наным-сенімімен
мәдениетімен сабақтастыра отырып, мифтік, фольклорлық шығармада кездесетін сюжеттер желісімен
салыстырмалы түрде талданған. Мифтік ойлау, мифтік сарындардың қазіргі қазақ жазушыларының
көркемдік әлеміндегі алатын орны айқындалады. Көне мифтің қазіргі поэтикалық жүйедегі әдіс-
тәсілдері Қ.Мүбарак әңгімелеріндегі қолданыстары негізінде нақтыланады. «Перінің қыздары»
образына талдау жасай отырып, әдебиеттегі жеке авторлық бейнелер мен мотивтердің жасырын
мифологиясын айқындауға, мифологиялық және фольклорлық көріністердің авторлық мәтіндегі өзара
әрекеттесу процесін анықтауға ұмтылыс жасалады.
Description
Keywords
Citation
Сыздықова Б.Е. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі «періге ғашық болу» мотиві (Қ.Мүбарак әңгімелерінің негізінде)/ Б.Е. Сыздықова // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№2(106) - б.117-124.