Стохастика элементтерін мектепте оқыту — қолданбалы бағытты күшейту құралы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Математикалық білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде оқушылардың ықтималды түйсігі мен логикалық ойлауын дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан стохастика элементтері мектеп математика курсының негізгі ұғымдарының қасында лайықты орын алып отыр. Мектепте математиканы оқытуда бірқатар қиындықтардың бары белгілі. Осындай проблемалардың бірі — оның көптеген бөлімдерін зерттеуде қолданбалы бағыттың әлсіз екенінің көрінісі. Оқушыларға стохастика элементтерін толық таныстыра алу қолданбалы есептерді шешудегі математиканың маңызын суреттеуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Оның себебі, стохастика элементтері оқушының бұрын кездестірген және болашақта сөзсіз кездесетін өмірлік жағдайларға жақын болуымен байланы- сты. Ел дамуының қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары, сондай-ақ жоғарғы дамыған елдермен бәсекелес болу үшінде оқыту әдістемесін жаңарту мен жетілдіруді қажет етеді. Ақпарат заманында елімізде ақпаратты өңдей алатын және оған анализ жасай алатын мамандар ғасырдың сұранысына ие болып отыр. Соңғы жылдары ықтималдылықтар теориясы мен стохастика элементтерінің басқа салалармен байланысы ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Мақалада қазіргі ғылымның әртүрлі салаларындағы ықтималдылықтар теориясы мен математикалық стохастиканы оқытудың орны, сондай-ақ оны практикалық қолдану мүмкіндіктері және не себепті маңызды екені жан-жақты көрсетілген. Зерттеуде елімізде жасалған бірнеше жұмыстарға және оқу әдістемелік ке- шендерге талдау жасалынған.

Description

Citation

Асанбаева, Г.М. Стохастика элементтерін мектепте оқыту — қолданбалы бағытты күшейту құралы/Г.М. Асанбаева, А.У. Даулеткулова, Т. Гюр//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы.-2022.-№2(106).-б.33-40

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By