Өлкетану пәнінде тарихи-мәдени туризмнің тарихын оқыту негіздемесі

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Қазіргі таңда «тарихи өлкетану» пәні аймақтың ерекше қажеттіліктері мен мүдделерін көрсететін, білім беру стандарттарының негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Осы негізде өлкетану пәнін университет деңгейінде оқыту, студенттердің кәсіби деңгейін көтеруде, жастардың туған өлке тарихын терең білуге насихаттауда және туған жерге деген патриоттық негізін қалыптастыруға, тұлға болып қалыптасуында өлкетану пәнінің маңыздылығы жоғары. Мақалада жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие берудің кейбір әдістемелік тәсілдері мен әдістері зерттелген. Соның ішінде оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің қарапайым да тиімді құралдарының бірі — өлкетану пәні арқылы туризм саласын оқыту негіздемесі қарастырылған. Авторлар мәдени-өлкетану тәжірибесін оқу үдерісіне енгізу және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы олардың рөлін күшейту шараларын ұсынған. Сонымен қатар өлкетану терминіне анықтама бере отырып, мәдени-тарихи туризмді өлкетану пәні ретінде оқытудың әдіc-тәсілдері туралы айтылған. Туризм мен өлкетанудың өзара ұқсастықтары мен ерекше тұстарына ғылыми түрде талдау жасалынған. Сондай-ақ, өлкетану пәнін жоғары оқу орынында оқыту студент жастардың рухани дамуына оң ықпал тигізетіндігі, аймақтың тарихи, әлеуметтік және мәдени құрылымына әсері туралы нақты ақпарат берілген.

Description

Citation

Қанатұлы, М. Өлкетану пәнінде тарихи-мәдени туризмнің тарихын оқыту негіздемесі/М. Қанатұлы, А.С. Адильбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.97-103

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By