Ұлы Отан соғысы жылдарындағы коллаборационизм туралы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада әлі күнге дейін толыққанды зерттелмей келе жатқан Ұлы Отан соғысы кезінде орын алған коллаборационистік қозғалыстың басты оқиғалары көрсетілген. Көптеген тың деректер негізінде автор коллаборационизмнің пайда болу себептерін, оның негізгі бағыттары және саяси сипаты туралы кең түрде баяндайды. Бірқатар кеңес азаматтарының жаумен ынтымақтастыққа көшуі КСРО басшылығының ішкі саясаттағы және ұлттық мәселелердегі қателіктері, Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңіндегі Қызыл Армияның ірі жеңілістері және жаудың саяси-идеологиялық жұмысының белгілі әсер еткені күмән тудырмайды. Соғыс кезінде тұтқынға түсіп лагерьлерде орналасқан кеңес жауынгерлерінен; Украина, Белоруссия, Прибалтика, Кавказ және Қырым халықтарынан немістер құрған бірқатар әскери күштер пайда болып, олар басқыншыларға қызмет етті. Осы құрамалар қатарында ең басынан сатқындық жолына түскендермен қатар, немістердің көмегімен кеңестік тоталитарлық жүйеден құтылғысы келген немесе өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алғысы келген адамдар басым көпшілік болды. Сондықтан Ұлы Отан соғысында пайда болған коллаборационизмді ерекше құбылыс ретінде қарап, онымен байланысты оқиғаларды объективтік түрде көрсету ұсынылып отырған мақалада басты мақсат ретінде қаралған.

Description

Citation

Адамбек, Б.К. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы коллаборационизм туралы/Б.К. Адамбек//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.26-35

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By