Бидайдың сары тат (Puccinia striiformis f.sp. tritici) ауруына Алматы облысы бойынша 2019–2021 жылдары жүргізілген мониторингі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы
Abstract
Сары тат (P. striiformis f.sp. tritici) әсіресе, салқын климатты жерлерде бидайдың (Triticum aestivum L.)
маңызды ауруы болып табылады. Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда сары тат ауруы
бидай егіс алқаптарында аса қауіпті аурулардың бірі болып саналады. 2019–2020 жылғы зерттеулерде
Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарында P. striiformis патогеніне
жоғарытөзімділік танытқан, ауру көрсеткіштері IT-0 иммундық көрсеткен сорттар іріктелінген. Олар
бидайдың «Васса», «Наз», «Безостая-1», «Сапалы» және «Тритикале» сорттары. Фитопотологиялық
бағалау жұмыстары барысында анықталғандай, Жамбыл ауданының егіс алқабындағы «Богарная 56»
сортында аурудың таралуы жоғарғы деңгейде, яғни 26 %-ды көрсетті, ал залалдануы 9,90 % құрады.
Талғар ауданында «Казахстанская 10» сортында аурудың таралуы 6 %, ал залалдану көрсеткіші 0,52 %
болды. Қарасай ауданында сары тат ауруымен жоғарғы деңгейде залалданған «Қарасай» сорты болды,
аурудың таралуы 22 %, ал залалдануы 1,04 %-ды көрсетті. Сонымен қатар, 2021 жылы жүргізілген
мониторинг жұмыстары нәтижесінде барлық зерттелінген бидай сорттарынан P.striiformis патогенінің
ешбір ауру белгілері табылмады, себебі ауа райының құрғақ және жауын шашынның, ылғалдың аз
болуына байланысты ауруға төзімділігі жоғары болды. Зерттеу нәтижелерінде сары тат ауруына
төзімді жаңа бидай сорттарын анықтауға, мониторинг жұмыстарын әлі де жалғастырудың қажеттілігін
көрсетіп отыр. Нәтижесінде Алматы облысында бидай сорттарының басым бөлігі тат ауруларына
төзімсіз екендігі анықталып отыр.
Description
Keywords
Citation
Бидайдың сары тат (Puccinia striiformis f.sp. tritici) ауруына Алматы облысы бойынша 2019–2021 жылдары жүргізілген мониторингі/Ж.С. Кеишилов[et al.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Биология. Медицина. География» сериясы.-2022.-№2(106).-б.82-89