Ортағасырлардағы түркілердің соғдылықтармен мәдени-экономикалық байланысы (VI-VIII ғғ.)
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақала ортағасырлар тарихына арналған. Ұлы Жібек жолы бойындағы әр кезеңде өмір сүрген әртүрлі көлемдегі мемлекеттер — әлемдік өркениет тарихындағы үлкен жетістіктерге жеткен мемлекеттік құрылымдарға кіреді. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Атлант мұхитынан аспан елі астына дейін Еуропа мен Азияны басып өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы «тілдесуінің» басты құралы қызметін атқарды. Жолдың көп бөлігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өткен. Ұлы Жібек жолының пайда болған кезеңінен бастап, қазіргі Қазақ жері арқылы жүріп өткен сауда керуендері қалалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер етті. Сол қалалар алғаш керуен–сарайдан, яғни демалыс орындарынан бастау алады деген бір пікірлер болса, екінші бір пікірлер қатарында, Түркі мемлекеттерінің тұсында Орталық Азиядан көшіп келіп, өзіндік қоныстарын тұрғызған халықтардың қоныс-тұрағы негізінде пайда болды деген түсінік қалыптасқан. Тарихи жолдың сауда барысындағы басты ақшалай–төлем бірлігі — жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны, кейіннен «Ұлы» сөзінің қосылуы, жолдың шексіз Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан болды. Мақалада «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енген осы сауда жүйесі бойындағы ірі қалалық мәдениеттер — қандай аралас мәдениеттер нәтижесінде болды деген сұраққа жауап ізделінген. Қазақстанның соңғы кезде жаңа заман тарихына көбірек көңіл аударумен ортағасырлық, атап айтсақ ерте ортағасырлардағы қазақ тарихының кейбір мәселелері жайлы зерттеулер азайып кетті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін
авторлар мақалада ерте ортағасырлардағы Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген, сауда мен экономиканың басты орталықтары болған ірі қалалардың тарихына және зерттелу кезеңдеріне және сол қалаларда өмір сүрген соғдылық халықтардың түркілермен тікелей қатынасына тоқталып өткен. Сонымен қатар, ортағасырларды зерттеуші магистрант және докторанттар үшін көптеген мәліметтер береді.
Description
Citation
Сарсенбаев А.Б. Ортағасырлардағы түркілердің соғдылықтармен мәдени-экономикалық байланысы (VI-VIII ғғ.)/А.Б. Сарсенбаев, А.С. Абдирайымова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1. - 155-163 бет.