І және ІІ Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының рөлі мен қызметі
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының құрылуы мен оның қызметі мұсылмандардың саяси сана-сезімі оянуының және дамуының маңызды көрсеткішіне айналды. І және ІІ Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы назарында үш негізгі мәселе болды: аграрлық, саяси өмірді демократиялау және ұлттық-діни қатынастар. Осылайша, І және ІІ Думалар қызметінде Мұсылман фракциясы айтарлықтай маңызды рөл атқарды. Мақалада патшалық империяның аграрлық, соның
ішінде қоныстандыру саясатына қатысты Мұсылман фракциясы депутаттарының көзқарастары мен І және ІІ Мемлекеттік думадағы олардың қызметі қарастырылған. Мұсылман фракциясының депутаттары Дала өлкесінің жергілікті халықтарының мүдделерін қорғап, жер мәселесін құқықтық тұрғыдан шешуге ұмтылып, аталған мәселелерді талқылауға қатысып отырды. Мақала авторлары думалық комиссиялардағы мұсылман депутаттарының заңшығарушылық қызметі мен жұмысына талдау жасаған. Сонымен қатар, Дала өлкесінің атынан сайланған Мұсылман фракциясының көрнекті мүшелері Ш. Қосшығұлұлы мен Т. Нурекеновтің ұстанымдары туралы айтылған.
Description
Citation
Жуматай, С.І және ІІ Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының рөлі мен қызметі/С. Жуматай, С.К. Кабылтаева, Н.Е. Сайлаубаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy series. - 2022. - №1.- 49-54.