Астананың туризм əлеуетін дамыту арқылы «марка қала» бейнесін қалыптастыру

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

КарУ баспасы

Abstract

Ғаламдық жаһанданған əлемде бəсекелестік тек елдер мен компаниялар арасында ғана емес, сонымен қатар қалалар мен экономикалық аймақтар арасында да қалыптасқан. Бəсекелестіктің маңызды элементтерінің бірі болып табылатын маркетинг елдің беделі, экономикасы, халықаралық туризм, шетелдік инвесторларды тарту құрметіне ие болу тұрғысына, сонымен бірге жалпы мемлекет үшін ғана емес «жергілікті жерлер» деп аталатын субэкономикалық аймақтар үшін де маңызды. Соңғы жылдары қаланың өсіп келе жатқан брендингі жəне марка қала туралы түсінік халықаралық деңгейде қабылданған маңызды тақырыптардың біріне айналды. Нидерланд сөзінен шыққан «марка қала» тұжырымдамасымен бірдей мағынаға ие жергілікті жер брендинг, жергілікті жер маркетинг жəне жергілікті жер сатылымдар «Brand City» тəсілінің жоғары əсер ететіндігін көрсетеді. Шын мəнінде, əр қала өзінің географиялық ерекшеліктерімен, өнімдерімен, рекреациялық ресурстарымен, қала жоспары құрылысымен немесе тарихи құндылықтарымен ерекшеленетін бренд болып табылады. Жер бетіндегі əрбір қаланың өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Алайда барлық бренд қалалар үшін бірдей мəнге ие емес. Қаланың «марка қала жетістігін тану аймақтың жəне мемлекеттің жетістіктерін мойындауға байланысты. «Марка қала» болу мемлекет туризмінің бəсекеге қабілеттілігі үшін де өте маңызды. Қазақстан əлемдік деңгейде туристік əлеуеті жоғары мемлекеттердің бірі. Елімізде табиғи жəне тарихи тұрғыдан ерекшеліктерге ие көптеген қалалар бар. Қазақстанның жаңа жəне серпінді қалаларының бірі — Астананың «Марка қала» ретінде ерекшеліктерін анықтау мемлекеттің басқа қалаларына үлгі ретінде қолдануға негіз болатынын айқындайды.Сонымен бірге көптеген ірі елдердің танымал бренд қалалары секілді Қазақстанның қалаларын брендтеу арқылы əлемде насихаттауға жол ашады.

Description

Citation

Садыкова Д.А. Астананың туризм əлеуетін дамыту арқылы «марка қала» бейнесін қалыптастыру/ Д.А. Садыкова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series. - 2022. - №1. - 156-166 бет.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By