Шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің латын графикасы негізінде жазу тілді реформалаудың маңызды міндеті

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақала қазақ тілін жаңа латын графикалы әліпбиге көшіруге байланысты шеттілдік географиялық атауларды транслитерациялау мәселелеріне арналған. Жұмыстың басты мақсаты мемлекет, әлем қалалары, өзге де физика–географиялық нысан атауларын қазақ тілінде жазудың қағидаттарын, оңтайлы жолдарын айқындауға қатысты. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңызы өзге тілдегі атауларды қазақ тілінің фонетикалық, орфографиялық нормаларына сай, өзге тіл мен өз тіліміздің табиғатын ескеру арқылы осы бағыттағы болашақ зерттеулерге, картографиялық өнімдер мен оқулықтар, сөздіктер мен анықтамалықтарды әзірлеуге, жалпы ауқымды ғаламдық ақпараттық кеңістікте экзонимдерді қазақ тілінде дұрыс қолдануға жол ашады. Туыс және туыс емес тілдердегі топонимдер құрамындағы маңызды деген орфограммаларына талдау жүргізілді. Осы талдау нәтижесінде шеттілдік жер-су атауларын транслитерациялауға қатысты тұжырымдар, ұсыныстар, пайымдаулар айтылды. Жүргізілген зерттеулер болашақ «Шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің латын графикасында жазу ережелерін» құрастырудың негізгі қағидаттары мен тармақтарын анықтап алуға септігін тигізеді. Мақаладағы ғылыми-теориялық, практикалық ұсыныстар мен тұжырымдар ономастикалық атауларды латын графикасында жазу, қазақ тілінің нормативтік, ономатографиялық базасын жетілдіруге және Қазақстандағы ономастикалық жұмыстарды реттеу үшін қажет.

Description

Citation

Рысберген Қ.Қ. Шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің латын графикасы негізінде жазу тілді реформалаудың маңызды міндеті/Қ.Қ. Рысберген, И. Шаһин//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Fhilology Series. -2021. №4. 7-14 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By