Бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың еңбегі: негіздемесі мен теориялық мәселелері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқаруға байланысты мәселелер ғылыми-теориялық тұрғыда зерттеулерді үнемі жүргізуді қажет етеді. Себебі, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза әлемдегі көптеген елдердің заңдарында жаза түрі ретінде белгіленген. Бұл жазаны атқару барысында сотталған адамдарды еңбекке тарту тәжірибесіне назар аудару керек. Осы орайда сотталғандардың еңбегі құқық па әлде міндет пе деген мәселе көптеген зерттеулер жүргізудің қайнар көзі болып жүр. Бұл мәселеге жауап табуға мақала авторы да талпынып, мәселенің шешімін сотталғандардың еңбегінің негізгі белгілерін ажыратудың маңыздылығына тоқталған. Аталған белгілер көмегімен сотталғандар еңбегін азаматтардың еңбегіне барынша жақындастыруға мүмкіндік алуға болады. Мекемелерде жазаларды орындау кезінде игеретін мамандықтар тек әлеуметтік пайдалы жұмыс ғана емес, сонымен қатар жазаны өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін де пайдалы болуы тиіс. Тарихи салыстырмалылық әдістер көмегімен сотталғандар еңбегін қинау, қанау, құл еңбегі секілді категориялардан алшақтатудың жолдары ретінде қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды ұстаудың төменгі халықаралық стандарттары талаптарына жақындастыру бағытында елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық атқару жүйесін модернизациялаудың тиімділігі жайлы материалдар зерделенген. Бұл орайда мекеме әкімшіліктерінің өндірістік-шаруашылық кәсіпорындардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыстары сотталғандар еңбегін бостандықтағылар еңбегіне барынша жақындастырудың кепілдемесі болуы тиіс. Қорытындыда бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегінің негізгі белгілері сотталғандардың еңбегін қылмыстық атқару құқығының императивтік нормасы бола отырып, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында еңбек түрлерін таңдау тұрғысынан құқық ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Description

Citation

Әбдіжәми А.Ж. Бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың еңбегі: негіздемесі мен теориялық мәселелері/А.Ж. Әбдіжәми//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №4. 80-88 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By