Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ішкі аудит жүйесінің тиімділігі: құрылымдық модель

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Мақсаты: Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығына əсер ететін ішкі аудиттің негізгі проблемаларын анықтау жəне несиелік портфельді бағалау негізінде ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделін дайындау. Əдісі: Салыстыру, топтастыру, талдау, жіктеу, статистикалық əдістер, индукция, дедукция, экономикалық- математикалық əдістер жəне модельдеу сияқты ғылыми əдіснамалық тəсілдер мен зерттеу əдістері алынды. Қорытынды: Ішкі аудит жүйесі жəне несиелік портфель бойынша пайда болған мəселелерді, сонымен қатар Smart PLS бағдарламасының көмегімен сауалнама нəтижелерін талдау негізінде банктерге ішкі аудиттің қандай тəуелсіз айнымалыларының (ішкі аудит көлемі мен стандарттары, несиелік тəуекелді бағалау, тəуекелге бағдарланған аудиттің жылдық жоспары, тəуекелдерді басқару) көмегімен қаржылық тұрақтылыққа жетуге болатынын анықтауға мүмкіндік беретін ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделі жасалды. Тұжырымдама: Smart PLS бағдарламасы негізінде ішкі аудит проблемаларын бағалау, банктердің несиелік портфелін талдау жəне сауалнама нəтижелерін зерттей отырып, банктің қаржылық тұрақтылығына ішкі аудиттің тəуелсіз айнымалыларының əсерін анықтауға ықпал ететін ішкі аудиттің тұжырымдамалық құрылымдық моделі құрылды.

Description

Citation

Ламбекова А.Н. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ішкіаудит жүйесінің тиімділігі: құрылымдық модель/А.Н. Ламбекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy Series. -2021. №3. 143-154 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By