Research of methods for introducing TiO2 nanoparticles into a micron matrix of BeO and TiO2 powders and their effect on the rheological properties of a casting slip
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KU Publ.
Abstract
Мақалада нанодисперсті титан оксиді TiO2 ұнтақтарын бериллий мен титан оксидтерінің микрон
матрицасына енгізу əдістерінің зерттеу нəтижелері көрсетілген. 5 %-дан жоғары нанобөлшектердің
болуы құю шликерінің реологиялық қасиеттеріне теріс əсер етеді жəне керісінше, 0,1–2,0 мас. %
аралығында нанобөлшектердің қосылуы тұтқырлықты төмендетуге жəне жылжымалы массаның құю
қабілетін арттыруға ықпал етеді. Агрегатталған дайындаманы макроқұрылымдық талдау
нанобөлшектердің конгломераттары немесе нано- жəне микро- TiO2 бөлшектері түрінде құрылымдық
элементтердің толық болмауын көрсетеді. Нанобөлшектерді енгізудің дамыған əдісі өнімді шликерді
құю арқылы дайындаманың бүкіл көлеміне біркелкі таратуға мүмкіндік береді. Ғылыми жұмыстың
авторлары болашақта алынған нанобөлшектері бар керамиканың жылу физикалық жəне импеданс
сипаттамаларына нанобөлшектердің əсерін зерттеуді жоспарлады. Ғылыми əлемде наноұнтақтардың
бериллий керамикасының электрофизикалық қасиеттеріне əсерін зерттеу туралы белгісіз. Бериллий
оксиді жəне титан оксидтері қоспасы ВеО+TiO2 керамикасының ең маңызды қасиеттерінің бірі — аса
жоғарғы жиілікте сəулеленуді сіңіру қабілеті, ол аз қызуы керек, яғни жылуды жақсы өткізеді.
Жоғары коэффициентті алу үшін ВеО керамика құрамына TiO2 фазасын мүмкіндігінше көп енгізу
керек.
Description
Citation
Pavlov А.V. Research of methods for introducing TiO2 nanoparticles into a micron matrix of BeO and TiO2 powders and their effect on the rheological properties of a casting slip/А.V. Pavlov [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Физика. = Bulletin of the Karaganda University. Physics Series. -2021. №3. Р.71-82.