Коммерциялық емес ұйым түсінігі, оның азаматтық құқық жүйесіндегі орны
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада «коммерциялық емес ұйымның» ғылыми-көпшілік ортада қалыптасқан түсінігі тəжірибелік
мысалдармен, шетелдік теориялық ойлармен салыстырыла отырып зерттелген. «Коммерциялық емес
ұйым» ұғымын дəл қазіргі уақытта қайта қарау аса маңызды болып отыр. Оның басты себебі,
азаматтардың саяси-экономикалық, əлеуметтік белсенділіктерін арттыру арқылы жергілікті өзін-өзі
басқарудың қазақстандық тəжірибесін қалыптастыру мен дамыту, нəтижесінде жергілікті мəселелерді
тұрғындардың өз əлеуетін пайдалана отырып шешу болып отырғаны айқын. Алайда «коммерциялық
емес ұйым» ұғымын оның негізгі мақсаттары тұрғысынан зерттеген ғылыми-теориялық ойлардың
аздығы байқалады. Бұл өз кезегінде коммерциялық емес ұйымдар турасындағы отандық заңнаманы
жетілдіруге мүмкіндік бермейтіні анық. Осы саладағы заңнаманың халықаралық жəне шетелдік
ұйымдардың қатысынсыз дамымауының басты себептерінің бірі азаматтық қоғамды қалыптастыру
мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жетілмеуінен байқауға болады. Бұл осы саланы
дамытуға мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысының нəтижесі деп білеміз. Зерттеудің мақсаты
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы бойынша «коммерциялық емес ұйым» түсінігін
айқындап, оның азаматтық құқық жəне де жалпы мемлекеттік-қоғамдық деңгейдегі орнын анықтау.
Мақалада зерттеудің статистикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы-құқықтық, лингвистикалық
əдістерімен қатар, олардың тəжірибелік дамуын зерттеуде нақты-əлеуметтік, құқықтық аудит жүргізу
сияқты тəсілдер қолданылды. Ғылыми-зерттеулердің нəтижесінде коммерциялық жəне коммерциялық
емес ұйымдарды ажыратудың қалыптасқан белгілерін қолданудың мүмкіндігі аз екендігі, осы себепті
оларды өзара ажыратудың «қоғамдық пайдалылығы» сияқты т.б. жаңа өлшемдерін қалыптастыру
қажеттігі негізделді.
Description
Citation
Айтимов Б.Ж. Коммерциялық емес ұйым түсінігі, оның азаматтық құқық жүйесіндегі орны/Б.Ж. Айтимов, Е.Ш. Дусипов, Б.А. Сериев//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 180-190 б.