Шет тілінен енгізілген заңдық терминологияларды азаматтық заңнамада қолдану туралы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Азаматтық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминологияларды қолдану бүгінгі күні заң
ғылымында өзекті мəселеге айналды. Зерттеу мақсаты — Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасында шығу тегі бойынша шет тілдік заңдық терминологиясын пайдалануға байланысты
мəселелерді зерттеу жəне кірме сөзден алынған заң терминологиясын қолданудың сапасын арттыруға
бағытталған ұсынымдарды əзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында танымның жалпы ғылыми
диалектикалық əдісі, сонымен қатар жалпы, арнайы жəне жеке зерттеу əдістері: ресми-құқықтық,
салыстырмалы-құқықтық, тарихи-салыстырмалы, жүйелік, нормативтік, логикалық-құқықтық жəне
сараптамалық бағалау əдісі қолданылды. Мақалада азаматтық заңнамадағы «шет тілдік термин» жəне
«шет тілдік терминология» ұғымдары тұжырымдалды. Жұмыста азаматтық заңнамада шет тілінен
енгізілген заңдық терминологиясын қолданудың жағымды жəне жағымсыз жақтарына талдау
жүргізілді. Талдау шет тілдік заңдық терминологиясын кірме сөзден алу ережелері заңнамалық
деңгейде реттелмегенін көрсетті. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында
шет тілдік заңдық терминологиясын пайдалануды реттейтін норманы бекіту ұсынылады. Келесі бір
ұсыныс — кітап нұсқасында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде басылып шығарылған, сондай-ақ
ұлттық «Termincom.kz» сайтында орналастырылған, сөздікті əркімге қолжетімді жасау, оған
мемлекеттік мəртебе беру туралы. Онда отандық нормативтік массивтің барлық ұғымдық аппараты,
оның ішінде азаматтық құқық терминологиясы қамтылып, арнайы нормативтік актіде оны
қалыптастыру тəртібі түсіндірілуі тиіс.
Description
Citation
Нукушева А.А. Шет тілінен енгізілген заңдық терминологияларды азаматтық заңнамада қолдану туралы/А.А. Нукушева, Д.К. Рустембекова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 142-154 б.