Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің дəлме-дəлдігі туралы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақала заңнамалық актілерді мемлекеттік тілге аудару сапасына қатысты құқықтық техникамен
байланысты мəселелерді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты заң шығару техникасының теориялық
ережелерін жəне азаматтық заңнаманың мемлекеттік тілдегі мəтіндерін талдау жəне соның негізінде
құқық нормаларының аудармасындағы қателерді анықтау, заңнамалық актілердің қазақ тіліндегі
мəтінін сапасыз аудару мəселелерін айқындау, заңнамалық актілерді мемлекеттік тілде əзірлеу кезінде
заң техникасын жетілдіру жөнінде қорытынды жасау болып табылады. Зерттеу барысында азаматтық
заңнама саласындағы нақты олқылықтар мен қайшылықтар анықталды, заң техникасының ережелерін
дұрыс қолданбау жағдайлары сипатталды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарындағы заң шығару практикасындағы қазақ тілінің беделін арттыру мақсатында авторлар
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген ережені алып тастауды ұсынған. Сондай-
ақ, жалпы қабылданған, біркелкі жəне тиісті түрде рəсімделген заң терминдерін қамтитын бірыңғай
заңды терминологиялық сөздікті енгізуді қарастырған. Теориялық көзқарастар мен авторлардың
айтқан ескертулерін талдау арқылы, құқық нормаларын қазақ тіліне дұрыс аудару нұсқалары жəне
нормативтік құқықтық актілердің мəтінін қазақ тіліне аудару бойынша заң техникасын жетілдіру
жолдары айтылған. Зерттеу нəтижелері жаңа жəне бірегей болып табылады, авторлық ұстанымы
негізделген жəне қызметі заң жобаларына мемлекеттік тілде лингвистикалық сараптама жүргізумен
байланысты қызметкерлер үшін қызығушылық тудырады.
Description
Citation
Тоқатов Р.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтіндерінің дəлме-дəлдігі туралы/Р.А. Тоқатов, М.Т. Акимжанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 135-141 б.