Қазақ АКСР-ның құрылуы — республиканың тұтастығын қалыптастырудағы алғашқы қадамдар

dc.contributor.authorЖамелов, Б.А.
dc.contributor.authorТұрсұн, Х.М.
dc.contributor.authorРаджабов, К.К.
dc.date.accessioned2023-01-21T03:49:17Z
dc.date.available2023-01-21T03:49:17Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractМақалада XX ғасырдың 20-жылдары жаңадан құрылған Қазақ АКСР-і төңірегіне қазақтың тарихи жерлерін жинау мақсатында Ақмола мен Семей облыстарының қосылуы барысындағы күрделі тарихи оқиғалар талданған. XVIII ғасырдың ортасынан патша үкіметі қазақ жеріне қызығушылық танытып, қазақ жерлерін отаршылдық басып алу саясатын белсенді жүргізе бастады. Қазақ жерлерін қосып алумен қатар, біртіндеп Ақмола мен Семей өңірлеріне қоныстандыру саясатын жүргізді. Қоныстан- дыру қозғалысы әсіресе XIX ғасырдың 80 жылдарынан бастап қарқынды өтіп, қазақ жерінің солтүстігі мен шығысындағы байырғы қазақ атаулары орысша атауларға өзгертіле бастады. Мәселен тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, Омбы уезі толықтай қазақ мемлекетіне кіруі әділетті болар еді, дегенмен баяғы отаршылдық қоныс аудару саясаты кезінде патша үкіметі бұл өңірдің солтүстік бөлігінде орыстардың үлес санының артуына себепкер болған. Патша үкіметінің бұл саясатының зардабы ХХ ғасырдың 20 жылдары қазақ жерлерін қазақ автономиясының төңірегіне біріктіру кезінде өзінің кедергісін тигізді. Кеңестік-большевиктік билік шекараны межелеу кезінде өңірде тұратын халықтың басымдығын басты негізге алып, Омбы жерінің тек оңтүстік бөлігінің ғана қазақ жеріне өтуіне себепкер болды Бұл істі жүргізуде қазақ автономиясы мен Сібір революциялық үкіметі арасында болған көптеген келіспеуші- ліктер мен айтыс-тартыстардың түпкі қорытындысы аталған облыстардың аумақтары қазақ мемлекеттілігіне қосылуы қазақ зиялыларының тарихи тұрғыдағы ірі жеңісі болды. Қазақ халқы өзінің тарихи аумақтарының өзіне тиесілі екендігін дәлелдеп, өзіне қайтарды. Мақалада Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомынан алынып Қазақ АКСР-іне берілу жолдары қарастырылған. Бұл ретте жердің тарихи экономикалық және саяси тұрғыда қазақтарға тиесілі екендігін дәлелдеп шыққан қазақ қайраткерлерінің еңбектері анықталды. Қазақ жерінің біртұтастығын қалыптастырудағы алғышарттар жинақтала отырылып сараланып, әрі салыстырыла келе, талқылау нәтижелері келтірілген.ru_RU
dc.identifier.citationЖамелов Б.А. Қазақ АКСР-ның құрылуы — республиканың тұтастығын қалыптастырудағы алғашқы қадамдар/Б.А. Жамелов, Х.М. Тұрсұн, К.К. Раджабов//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.- № 4(108). – б.47-55.ru_RU
dc.identifier.issn2663-5100
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/14989
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.;№4(108)
dc.subjectоблысru_RU
dc.subjectшекараru_RU
dc.subjectмемлекетru_RU
dc.subjectұлттық-территориялық межелеуru_RU
dc.subjectұлт зиялыларыru_RU
dc.subjectбольшевиктік билікru_RU
dc.subjectфедерацияru_RU
dc.subjectұлттардың өзін-өзі билеуіru_RU
dc.subjectсибревкомru_RU
dc.subjectуездru_RU
dc.subjectдекретru_RU
dc.titleҚазақ АКСР-ның құрылуы — республиканың тұтастығын қалыптастырудағы алғашқы қадамдарru_RU
dc.title.alternativeСоздание Казахской АССР — первые шаги в формировании целостности Республикиru_RU
dc.title.alternativeThe creation of the Kazakh ASSR is the first steps in the formation of the integrity of the Republicru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
2022_history_4_108_2022-4.pdf
Size:
934.06 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: