Ұлттық жəне халықаралық құқықтың өзара əрекеті: конституциялық-құқықтық негіздер
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасының жəне шет елдердің қолданыстағы конституциялық
заңнамасын, ғылыми əдебиетті зерделеу мен талдау негізінде Қазақстан мен шет елдердегі ұлттық
жəне халықаралық құқықтың өзара іс-қимылын конституциялық-құқықтық реттеудің өзекті
мəселелері қаралған. Ішкі жəне халықаралық құқықтың арақатынасын бекітетін конституцияларды
зерттеуге басты орын берілген, халықаралық жəне ішкі құқықтың өзара əрекеттесуін бекітудегі негізгі
заңдардың əртүрлі тəсілдеріне талдау жасалған. Авторлар халықаралық жəне конституциялық құқық
нормаларының өзара іс-қимылына қатысты теориялық жəне практикалық мəселелерді жария етеді.
Салыстырмалы-құқықтық талдау арқылы ұлттық жəне халықаралық құқықтың арақатынасын
конституциямен реттеудің өзіне тəн белгілері мен ерекшеліктері ашылған. Жалпыға бірдей жаһандану
жəне интернационализация жағдайында отандық Конституция жалпы конституционализм дамуының
əлемдік тенденцияларына сəйкес келетіні анықталды. Ішкі жəне халықаралық құқықтың өзара іс-
қимылын конституциялық-құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтың жалпыға
бірдей танылған қағидалары мен нормаларының ұғымы мен мазмұнын, олардың ұлттық құқықтық
жүйелер иерархиясындағы рөлі мен орнын айқындаумен байланысты теориялық жəне практикалық
мəселелерді одан əрі ғылыми тұрғыдан əзірлеу қажеттігі негізделеді. Сонымен қатар, авторлар
конституциялық заңнамаға адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары халықаралық
құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидалары мен нормаларына сəйкес жəне конституцияға сəйкес
танылатындығы жəне оларға кепілдік берілетіндігі туралы ережені енгізуді ұсынған.
Description
Citation
Ержанова Ф.А. Ұлттық жəне халықаралық құқықтың өзара əрекеті: конституциялық-құқықтық негіздер/Ф.А. Ержанова, М.Н. Абыласимов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. Law Series. -2021. №3. 28-38 б.