Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға даярлаудың мәні мен мазмұны
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада шетелдік және отандық зерттеушілердің «педагогикалық дизайн» ұғымына талдау жасалы-
нып, зерделенген. Педагогикалық дизайнның көпқырлылығын ескеріп, зерттеу кезеңдеріне сипаттама
берілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау тәжірибесінде педагогикалық дизайнды қолдану
аспектілері қарастырылған. Зерттеу жұмысының барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімін даяр-
лау кезіндегі педагогикалық дизайнды қолдану мәселесі, даярлау барысында туындаған қайшылықтары
және шарттары қарастырылған, сонымен қатар даярлау барысындағы тиімділігі анықталған. ADDIE
модулі педагогикалық дизайнның басқа модульдерінің негізі болып табылады. Осы модульді қолдану
арқылы педагогикалық дизайн білім алушылардың ақпараттық-білім беру ортасын құрастыру және түр-
лендіруге қолжеткізетіндігі туралы айтылған. Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
педагогикалық дизайнды қолдануға даярлаудың үш деңгейінің сипаттамасы ұсынылып, құрылымдық
компоненттері мен критерийлері көрсетілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қызметте
педагогикалық дизайнды қолдануға дайындау мәселесі тиісті деңгейде ұйымдастырылмай
отырғандығы анықталған, ол дайындық үшін қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз
етпеу мақсатынан туындап отыр. Авторлар мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
қызметінде педагогикалық дизайнды қолдануға дайындау мүмкіндіктерін талдап және педагогикалық
шарттарын айқындаған.
Description
Citation
Абильдина С.К. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға даярлаудың мәні мен мазмұны/С.К. Абильдина [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2023. №2. 97-104 б.