Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың кейбір мәселелері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақсаты: Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық техно-
логияларды қолдану жағдайын талдау негізінде оны дамыту жолдарын ұсыну.
Әдісі: Салыстыру, топтастыру, талдау, жіктеу, статистикалық әдістер, индукция, дедукция, экономикалық-
математикалық әдістер және модельдеу сияқты ғылыми әдіснамалық тәсілдер мен зерттеу әдістері алынды.
Қорытынды: Аймақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сұраныс пен ұсынысты арттыру
мақсатында аймақтың негізгі салаларының кәсіпорындары мен жергілікті ақпараттық-коммуникациялық техно-
логия-компаниялар (ІТ-форумдар, цифрландыру күндері, хакатондар және т.б.) арасындағы өзара іс-қимыл ала-
ңын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Аймақтық технопарктерді, зертханалар мен инкубатор-
ларды аймақтың негізгі салаларына бағдарлау мүмкіндігін қарастыру.
Тұжырымдама: Қазақстанда экономика салаларын цифрландыру және «Индустрия 4.0» элементтерін енгі-
зу бойынша өсіп келе жатқан үрдісті ескере отырып, қазақстандық ІТ-компанияларын осы үрдіске тарту қарас-
тырылады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жалпы қосылған құн көлемін ұлғайту-
ға, өндірісте әртүрлі жүйелерді енгізуге арналған шығындарды азайтуға және меншікті әзірлемелерді кейіннен
экспорттау үшін жергілікті ІТ-нарығының құзыретін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар негізінде экономиканы цифрландыру мәселелерін бағалау, аймақтардың эко-
номикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды талдау нәтижелерін
зерттей отырып, Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологиялардың рөлін дамыту жолдарын ұсыну.
Description
Citation
Сабыржан А. Қазақстан аймақтарының экономикасын цифрландыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың кейбір мәселелері/А. Сабыржан [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy Series. -2021. №4. 137-148 б.