Бахия Атшабаров өмір жолының беймәлім беттері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада тәуелсіз Қазақстан тарихында айтарлықтай із қалдырған, оның дамуына елеулі үлес қосқан,
әлемге аты танымал ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі, медицина
ғылымдарының докторы Бахия Атшабарұлы Атшабаровтың тұлғалық бейнесі қарастырылған.
Авторлар ғалымның есімі медицина саласындағы әлемдік деңгейдегі танымал тұлға екенін, сонымен
қатар 1957–1960 жылдары Семей ядролық полигонында сыналған сынақтардың зардаптарын
Қазақстанда ең бірінші болып зерттеген Б.А. Атшабаровтың азаматтық позициясын, өз ұлтының
патриоты ретіндегі бейнесінің ұзақ жылдар бойы аталмай келгендігін, беймәлім болғанын айтады.
Сонымен қатар, оның көрнекті ғалым, ұйымдастырушы, патриот екендігін айқындайтын тұлғалық
бейнесі методологияның жалпы ғылыми және арнайы әдістері арқылы талданған. Кеңестік дәуірде
Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың зардаптары туралы әртүрлі пікірлер
болғандықтан, мақала авторлары объективті түрде қарастыру тәсілін негізгі ұстаным ретінде
басшылыққа алған. Сол арқылы Б.А. Атшабаровтың тұлғалық бейнесін көрсеткен.
Description
Citation
Бахия Атшабаров өмір жолының беймәлім беттері/Г.М. Смагулова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б. 153-160