Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін болжаудағы жаңа әдістемелік тәсілдер: халықаралық тәжірибе

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы жағдайында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесінің ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу маңызды болып саналады. Әдістемелік тәсілдер халықаралық қатынастардың жүйесіне, қауіпсіздік жүйесін құрылымдауға және олардың көпжақты элементтерін ай- қындауға қатысты жаңа анықтамалар мен бағыттарды ескеруді талап етеді. Мақала тақырыбының өзек- тілігі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысы бар әртүрлі көзқарастарды зерттеу және болжау барысында әртүрлі тәсілдердің арақатынасын қарастырудың маңыздылығымен анықталған. Авторлар әртүрлі мектептер мен бағыттардың шеңберіндегі парадигмаларды ескере отырып, тарихи ракурста жа- һандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерінің арақатынасы мәселелерін қарастыр- ған. Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі тәжірибесінің дамуын ескере отырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысы бар әртүрлі көзқарастардың арақатынасына талдау жа- салған. Авторлар аймақтық қауіпсіздікті зерттеу жаңа категориалдық аппаратты талап етеді деген қо- рытындыға келеді. Жаңа категориалдық түсініктерді өңдеу қауіпсіздік мәселесін кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Осымен бірге, зерттеліп отырған мәселе бойынша ақпараттарды жинақтау мен оларды талдаудың әдістерін жетілдіру қажеттілігіне назар аудару керек.

Description

Citation

Байзакова К.И. Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін болжаудағы жаңа әдістемелік тәсілдер: халықаралық тәжірибе/К.И. Байзакова, Г.М. Смагулова, С.Б. Стамбулов//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №2. 47-54 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By