Географияны оқытудағы АКТ қолданудың теориялық және әдістемелік негіздеріне жалпы шолу
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
НАО «Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова»
Abstract
Қазіргі заманғы жаһандану және цифрландыру жағдайында білім беру саласы жаңа мазмұн мен
форматқа көшуде. Бұл өзгерістердің негізінде, ең алдымен, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар (АКТ) жатыр. АКТ тек техникалық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар білім беру
процесінің жаңа мәдениетін қалыптастыратын маңызды факторға айналуда. АКТ енгізілуі
нәтижесінде оқыту тәсілдері өзгеріп, білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны да айтарлықтай
жаңарды. Бүгінгі таңда жетекші елдер — АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық одақ мемлекеттері —
білім беру жүйесін толық цифрландыруға бет алған. Бұл елдерде АКТ оқытудың маңызды құралы
ретінде кеңінен қолданылады. Оның нәтижесінде оқу үдерісі оқушылар үшін қолжетімді,
дербестендірілген әрі интерактивті бола түсуде. Сонымен қатар, білім сапасына, оқушылардың оқу
материалын меңгеру деңгейіне және болашақ кәсіби құзыреттіліктеріне оң әсер етіп отыр.
Қазақстандық білім беру жүйесі де осы үдерістен тыс қалмай, АКТ-ны белсенді түрде енгізіп келеді.
Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы Жолдауында білім беруде инновациялық технологияларды
кеңінен қолдану қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұл білім беру мекемелерінде цифрлық құралдарды
жүйелі қолдануға жол ашты. Алайда, оның нақты пәндердегі, әсіресе география пәніндегі тиімділігіне
арналған қолданбалы зерттеулердің әлі де жеткіліксіз екені байқалады. География мазмұны жағынан
кеңістіктік деректерге, табиғи құбылыстарға және картографиялық визуализацияға негізделген пән.
Сондықтан оны оқытуда АКТ құралдарын тиімді пайдалану — оқу материалының мазмұнын терең
меңгеруге, оқушылардың талдау және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Description
Keywords
Citation
Акпамбетова К.М. Географияны оқытудағы АКТ қолданудың теориялық және әдістемелік негіздеріне жалпы шолу / К.М. Акпамбетова, А.И. Аманжолов, Е.Б. Муксинов// Geography and Sustainable Development . – 2025. – Vol.1. – № 1(1). – P. 34-42.